

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусым Ақмола уездінің Ақмола губерниясының Сасықкөл мекенінде (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) дүниеге келген. Бекен Жұмабайұлы отбасының ішінде ол 7 ұл мен 2 қыздың арасында үшінші болды. Жас кезінен бастап ол айналасын өзіндік ой-толғамымен, көрнекті қабілеттерін көрсетіп таң қалдырған. Атасы Жұмабай немересінің болашығына үлкен үміт күтті. «Ол менің есімімді мәңгі етеді»,-деп күмән-көлеңкесіз айтатын. Төрт жасынан еркін оқи білген. Бұған отбасылық ортасы айтарлықтай үлесін қосты, онда кітапты құрметтеу рухы, ақындық сөзге жататын барлық нәрсеге ұқыпты болуына көңіл бөленді. Ата-аналары Бекен аға мен Гүлсім апай үйінде үнемі жаңа кітаптармен толықтырлып тұратын кітапхана сақталған. Жанұясы бос уақытын жиі кітаппен бірге өткізетін. Мағжан естігенін және оқығанын жеңіл әрі тез есте сақтаған, және ұнатқан шығармаларын сөзбе-сөз мазмұндай алатын. Осы кітаптардың бірі «Кисса-уль-амбия» (Пайғамбарлар туралы кітап) болды. Мағжанды пайғамбарлардың жарқын, жанқиярлық өмірі қызықтырды және осы кітапты ол жатқа білді. Сірә,осы балалық шақтағы қызығушылық шабытында, оның қайғылы өмірінің контуры, пайғамбарлар сияқты адамдармен қабылданбай, елден безудің азабын толықтай дәмін татып, өзінің адамгершілік, ақындық мәнінен айырылмай өмірден бақилық болып кетуге мәжбүр болған шығар.
Өмірінің хронологиясы
Туған күні: 25 маусым 1893 жыл
Туған жері: Ақмола облысы Петропавл уезді Полудин болысы (Солтүстік-Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудан Сасықкөл көлінің жағасында қазіргі Молодежное селосының жанындағы ауыл).
1905-1910 жж. : Мұхамеджан Бегишевтің медресесінде оқуы (қазақ және татар балаларына арналған рухани семинариясы) (Петропавл қ.)
1910-1911 жж : Уфа қаласының «Ғалия» медресесінде оқуы.
1912. Қазан қаласында «Шолпан» атты алғашқы саяси кітабының шығарылуы.
1913-1917 жж : Омбы мұғалімдер семинариясында оқып, оны алтын медальмен аяқтаған.
1917 : Орталығы Омбы қаласында орналасқан Ақмола облыстық комитетінің " Алашорда" комитетінің мүшесі болады .
1918-1919 жж. : Омбы қаласында ашылған қазақ мектептері үшін мұғалімдерді дайындау бойынша екі жылдық курстың директоры.
1919. : Омбы қаласындағы «Кедей сөзі» («Слово бедняка»), содан кейін Петропавл қаласындағы «Бостандық туы» («Знамя свободы») газетінде жұмыс істеді.
1920: «Қызыл мұғалімдер» үш айлық курсының директоры.
1922-1923жж. Ташкенттегі Қазақ-қырғыз білім беру институтының аға оқытушысы. «Ақжол» газетімен, «Сана» және «Шолпан» журналдарымен ынтымақтастық жасайды. «Батыр Баян», «Қобыл Қойылбай», «Қорқытт», «Оқжетпес шыңы туралы», «Жүсіп хан», «Тоқсан жинау», «Ежелгі ертегілер», «Жаңа ертегілер» және т.б ғылыми-зерттеу еңбектеріні, өлеңдерін жариялайды.
1923-1927 жж. : Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыған. Шығыстағы жұмысшы халықтардың Коммунистік университетінде оқытушы болып істейді .
1922-1923 жж : Қазан және Ташкент қалаларында екінші өлең жинағын басып шығарды
1927-1929 жж : Петропавл қазпедтехникумында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істейді.
1929 ж.: Мағжан Жұмабаевты жалған айыптап, Мәскеудегі «Бутырская» түрмесінде қамауға алынуы. Карелияда 10 жылға сотталған.
1936: М.Горькийдің қолдау хатымен КСРО-ның Жоғарғы соты айдауды 7 жылға дейін азайтады, содан кейін алдын ала босатылып Петропавлға келеді.
1937 жылы 30 желтоқсан күні Алма-Атаға келуі. Тұтқындалуы.
1938 жылы 19 наурызда ату жазасына ұшырайды.
1960 жылдың 8 шілдесінде Түркістан әскери округінің әскери шешімімен қайтыс болғаннан кейін ақталды.
1988 жылы: толық ақталды.
Пайдаланған әдебиет:
"Образные миры Магжана Жумабаева» кітабы - Жетпіспаева Б.А."