
Білімге, арабтың өрме жазу құпиясын ұғынуға кішкене Мағжанды араластырған,алғашқы ұстазы Ақанов Ахиетдин есімді өте білімді жас адам болған. Шығу тегі бойынша башқұрт, ол патша әскерінен қазақ даласында жасырынған. Арнайы тігілген киіз үйде ол Бекен Жұмабайұлының балаларын шығыс тілдері мен әдебиетін оқытуға ерекше назар бөліп, ғылым ережесіне үйреткен. Бұл мектеп Мағжанның жас кезі үшін қол жетпейтіндей болды, алайда жас баланың табандылығы ұстаздың жүрегін жібітті. Оның тапқырлығы мен зерделігіне бірнеше рет көз жеткізген соң, ол оны сабаққа қатыстырады. Мағжан төрт жасар баланың өзгеше қабілеттілігін танытып білімді құмарлықпен бойына сіңіреді. Білімді жаңа да меңгерген ол толық поэмаларды жаттайды - қисса, дастандар және оларды көркемдеп оқиды. Әкесі баласының құмар талпынысын көріп, Стамбул университетінің түлегі Мұхамеджан Бегішов құрған «Шала қазақ медресесіне» орналастырады. Бұл жерде Мағжан араб, парсы, түрік тілдерін меңгеріп алады, шығыс халқының тарихын оқиды. Және осы жерде, медресенің қабырғасында Мағжанның ақындық талабы оянады, ол өзінің алғашқы поэзиялық жолдарын тарысып жазады. Сірә, бұған 1909 жылы Петропавлда жеке жинақ болып шыққан және Абайдың білімді қазақ жастары, сонымен қатар медресе оқушылары арасында көп таралған өлеңдері ерекше ынталандырған. Өзінің бірінші тәжірибесін поэзияның жас неофиті, әрине ұлы ақын өзі атап кеткендей «Алтын Хәкім- атаға» Абайға арнайды. Өлеңдері аса жетілмеген болса да, дарынды және көп үміт артарлық, жаңа бастап жүрген ақын ниетінің тереңдігімен тартады.
Абайдың поэзиясы Мағжанның адамгершілік және эстетикалық идеалын қалыптастыруға,азаматтық сезімдердің оянуына түрткі болады. Ол халықтың ауыр жағдайын ойлайды және оның ерте шыққан өлеңдерінің мазмұны әлем мәдениетіне қатыстыруға, әлемдік өркениетке жетуге, білімге шақырады, «Көзінді аш, оян қазақ, көтер басты, өткізбей қаранғыда бекер жасты!» - оның сол кезеңдегі көптеген өлеңдерінің терең арқауы.
1910 жылы, медресені ойдағыдай бітіріп және өзінің білімінің аяқталмағаның сезініп, ол Уфаға барып Жанторин Сәлімгерей басшылық еткен, сол кездегі танымал «Ғалия» медресесінің жоғарғы оқу орнының оқушысы болады. Медресе оқытушылар құрамымен белгілі, бұл жерде Стамбул, Мысыр (Египет) басқа да шығыс ғылымы және мәдениетінің орталықтары университеттерін бітірген мұсылман зиялыларының үздік өкілдері жұмыс істейді. Медресенің оқушылары ислам негізі бойынша жетекші пәндермен қатар, зайырлы пәндерді оқиды - шығыс әдебиет, тарих, философия, жаратылыстану ғылымдары. Медреседе әдебиетінің классигі атанған белгілі жазушы Ғалымжан Ибрагимов қызметін жүргізеді, соңында ол Мағжан бойынан шығармашылық тұлғаны анықтап, жазушының қалыптасуына және оның өсуіне барынша көмектеседі. Жоғарыда айтылған өлеңдерінің алғашқы жинағын басып шығаруға қомақты және материалдық жәрдем береді. «Айға» деген өлең жолдарын ол өзінің «Қазақ қызы» романына алады.
Бұл жылдар жазушының тағдырына жаңа кездесулер мен танысулармен көрікті, ол тамаша жазушылар мен ақындардың, ғылым және мәдениет қайраткерлердің тобына енді. Айта кететіні, бұл кезде халықтың рухани бейнесін, менталитетін анықтайтын, қазақ даласында жоғары білімді және дарынды тұлғалар жарық саңлақтар тобы қалыптасқан. Оның ой-өрісін кеңейтуге, ақыл мен дүниетанымын қалыптастыруға елеулі ықпал көрсеткен Ахмет Байтұрсынов пен Мыржақып Дулатов, сол кезде танымал «Қазақ» газетін жарыққа шығарған Дулатов оны газеттің жұмысына қатыстырып бір қыстың ішінде оны орыс тіліне үйретеді және сонымен қатар аудармашылық қызметіне баулиды. Осы қызметке байланысты ашқан жаңалықтары ақынның жан-тәнінде ұмытылмас із қалдырады. Мағжан бейтаныс орыс және шығыс поэзиясына, басқа да тілдік және ақындық сұрапылына, толықтай батады. Пушкин, Лермонтов, Гете, Гейне, Верлен, Блок оның үнемі рухани және көркем сөз ізденістерінің тұрақты сапарласы болады.
Медреседегі оқуды тастап, ол зияткерлік танымның басқа жолдарын іздейді. Достарының талап етуімен, алайда әкесінің еркіне қарамастан 1913 жылы ол Омбының мұғалімдер семинариясына оқуға түседі, кейіннен оны алтын белгіге бітіреді. Семинарияда оқыған жылдар оған қиынға соқты , ұзаққа созылған оқуына наразы болған әкесі оны ауылына, отбасына қайтарғысы келеді, бірақ та өз әрекетінің бос әурешілігіне көз жеткізген ол ұлын материалдық көмектен айырады. Дегенмен әкесінің наразылығы Мағжанның білімді жалғастыру ниетін тоқтатпады, ол әрі қарай өмірдің тарлығы мен ауыртпалығын көретінің түсінбей толық өздігінше өмір сүру үшін біржолата жылы ұясын тастап кетеді. Дәл сол жылдары, әкесі, анасы, туғандарымен бөлек тұруы қапаландырып, жалғыздыққа төзе алмас ызғармен, сүйектен өтетін қайғылы өлең жолдары туады:
«Ата-анаңнан без!» — дедің, безбедім бе?
Қаңғырып талай жалғыз кезбедім бе?
Басыма талай қара күндер туды,
Ата-ана, туысқан іздедім бе?
Пайдаланған әдебиет:
«Образные миры Магжана Жумабаева» кітабы - Жетпіспаева Б.А.