top of page

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Мағжан өз заманының көрнекті ақыны. Жастайынан әдебиетке  деген құштарлығы зор  болды. Өлеңді 14 жасынан бастап жазып, «Шолпан» атты туңғыш жинағы  шықты. Өз елінің патриоты ретіндегі  тұлғаны қарастырған кезде тарихты еске алмау мүмкін емес. Кез-келген ақын секілді, Мағжан да өз өлеңдерінде  өз заманын бейнеледі. Ол  басынан азаматтық соғысты, кеңес өкіметін, қуғын-сүргіннің ,бәрін  өткізді. Зиялы қауым өкілдерінің  бірі ретінде, ақын өз халқының  тағдырын жете түсінді. Ол өмір сүрген заманда кеңес  өкіметіне, сауатсыз , қараңғы халықты басқару қиындыққа  соқпайтын. Осыны түсінген  ақын өз шығармаларында халықты оқу- білімге шақырды.

            Халықтың ұлы болған Мағжанның өз халқына сіңірген еңбегі өлшеусіз болды. Тағдырының қиындығына қарамастан , ол үнемі халқынын қамын жері, өлеңдерінде арқау етті. Оның ойлары, толғаныстары , қайғысы  мен мұңы,  іштегі оты , отанға деген  шексіз махаббаты – бәрі-бәрі оқырманға өлеңдері арқылы жетті. М. Әуезов ақындардың  ішінде бірінші орынға Абайды қойса да, одан кейін Мағжанды атайды. Мағжанның сыршылдығын, өлеңдерінің нәзік иірімдерін, ерекше  ақындық  қасиетке балады. Мағжан ақын ғана емес, ұлы педагог ретінде де тарихта қалды. Қазақы педагогикалық ілімнің дамуына өлшеусіз өз үлесін қосты.

           Ақын тілдің  қоғамдағы  маңыздылығын терең түсіне отыра , қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеуге тікелей қатысты. Қазақ даласында қазақ мектептердің  болмауы, халықтың сауатсыздығы оның бұл енбегінің маңыздылығын арттыра түсті. Сабақтардың орыс тілінде жүргізілүі , араб графикасынан латын графикасына ауысу  секілді мәселелер толып жатты. 1922 жылы Орынборда тұнғыш рет қазақ  тілінде ұлттық педагогикалық ілімнің бастауы ретінде «Педагогика» еңбегі жарық көрді.  Педагог – тәжірибеші ретінде оқыту әдістемесінің тікелей жазылуына үлес қосты. «Педагогика» еңбегінің жазылуына 1923 жылы шыққан «Бастауыш мектептегі ана тілі» оқулығының шығуы түрткі болды.

Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық көзқарасының негізгі бағыттары:

  • педагогикалық процестің негізі оның психологиялық негіздемесінде деп санайды.

  • тәрбие мен оқытудың мақсаты, мазмұны, міндеттері және принциптерін айқындайтын жетекші факторларға этнопедагогика мен этнопсихология идеялары жатады.

  • адамгершілік тәлім-тәрбиенің факторлары: отбасы мен мектеп, тәрбиеші.

  • тіл мен әдебиетті кіріктіру идеясы, осының негізігде тілді сатылай оқытудың әдіс-тәсілдері, принциптері, кезеңдерін анықтау.

 

Осы мәліметтерге қарағанда, Мағжан пәнді ғана оқытып қойған жоқ, сонымен бірге бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Ақынның айтуы бойынша балаға сөзден гөрі, үлкендердің әрекеті көбірек үлгі болады, сондықтан оның үлгілі дамуында отбасындағы жағдай, ата-ананың жоғары адамгершілік қасиеттері ерекше орын алады.

Мағжан қазақ халқының қоғамдық өміріне де белсене араласты. Ол әр түрлі газет редакцияларында жұмыс істеді, Алаш Орда құрамында болды, тілмаштық қызмет атқарды. Башкир ұлтының жазушысы Сайдан Құдаш Мағжан туралы: «Оның азаматтық соғыс кезінде жазылған поэтикалық мұрасын есептемеген күннің өзінде Мағжанның есімі әрқашан ардақтауға лайықты» деген.

Басқа да ақын – жазушылар секілді Мағжан әрдайым өз халқының қамын жеді. «Неге сол кезеңде көптеген туындылар жоқ болды?» деген сұрақ көптің ойында. Өйткені, кітаптар, туындылар, үгіт-насихат сипатында болуы мүмкін. Өлең халықтың рухын көтере алады, оларды түрлі бастамаларға итермелеуі мүмкін еді. Соның себебінен олар көптеген ақын-жазушылар туындыларының көзін жойды. Олардың қатарында Мағжан да болды. Түрлі азат пен қуғын-сүргіндібасынан кешірген ақын өмірінің соңғы жылдарында қаламгерлікпен айналысуды қойды. Мағжан өмірінің трагедиясы бұл ...

«1931 жылдардан бастап лагерлерде отырған кездерімде өзімнің өткеніме деген немқұрайлық пайда болды» деп жазады ақын.

Бұл ақынның рухани растайтын сөздер. Болашаққа көз тіккен ақынның өлмес мұраларын оқу – біздің, жас ұрпақтың міндеті болып қала бермек. Шығармамды Мағжанның сөздерімен аяқтағым келеді:

Мен өлмеймін,менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім патша,өзім-қазы өзім-би,

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Пайдаланған әдебиет:

  http://ifreestore.net/2873/68/

  http://map.nklibrary.kz/upload/pdf/jumabaev/jumabaev.pdf

  http://aronatabek.com/magzhan-zhumabaev-kto-ya.html

  • White Vkontakte Icon

© 2023 Ваша компания. Сайт создан на Wix.com

bottom of page